Қазақстанда балаларға вакцина салдыру міндеттеле ме? – Цойдың  жауабы
Қазақстанда балаларға вакцина салдыру міндеттеле ме? – Цойдың  жауабы
Фото: gepatit1.com
369
оқылды

«Әрине, тек ерікті түрде ата-аналардың келісімімен ғана салынады. Біз тек қана балаға вакцина салуға жағдай жасаймыз», – деді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, министрлікке балаларды вирустан қорғау үшін оларға арнап вакцина шығару туралы көптеген өтініш келіп жатыр.

«Қазір тек ересек адамдар ғана вакцина салдыра алады. Балаларға көмектесуге мүмкіндік жоқ. Қазіргі уақытта 12 жастан бастап Pfizer вакцинасын салдыруға кеңес беріліп жатыр. Азаматтар бұл мәселені өздері шешеді. Бірақ біз вакциналауға шақырамыз. Өйткені вакцина ауруды жеңуге көмектеседі. Коронавирустың жаңа штамымен балалар да ауырады», – деді Алексей Цой.

Қазақстанда заң бойынша вакцинаны балаларға салып, сынақтан өткізуге тыйым салынған.