Танымал дәрігер қайтыс болды
Танымал дәрігер қайтыс болды
Фото: news.myseldon.com
544
оқылды

Таяуда оған қан құю үшін шұғыл қан жинау басталған еді. Бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Белгілі кардиохирург Серік Бекбосынов 41 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы хабарлады.

«Серік Бекбосынов №2 кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі және жүрек-қан-тамыр хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі болды. Әріптестері мен пациенттер оны мейірімділігі мен кәсібилігі үшін жақсы көрді. Сол  үшін құрметтеді», – дейді әріптестері.

Ол жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау бойынша операция жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург еді.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Кардиохирургический центр (@heartcenter.kz)

Серік Бекбосынов «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Тұңғыш Президент қорының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.