Түркістанда тігілген киім брендке айналады
Түркістанда тігілген киім брендке айналады
712
оқылды

Солардың бірі – Түркістан қаласының индустриалды аймағында орналасқан Turkestan Textile тігін фабрикасы. Ашылғанына бірнеше ай болған компанияда қазіргі таңда 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған.

Тоқыма өнімдерін өндіретін тігін фабрикасы салтанатты түрде Премьер-министр Асқар Мамин мен Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Ариповтың қатысуымен ашылған. Бүгінде қазақ-өзбек біріккен кәсіпорнының өніміне сұраныс өте жоғары.    width=  width=  width= Turkestan Textile тігін фабрикасының директоры Алишер Абултаевтың айтуынша, негізінен Өзбекстан инвестициясы есебінен салынған кәсіпорында сырткиімдер, арнайы кәсіп иелеріне арналған киімдер, өндіріске қажетті қолғаптар, төсек жаймалары, құрақ көрпелер мен медициналық киім-кешектер тігіледі. Қазіргі таңда медициналық киімдер мен электршілерге қажетті қолғаптарға сұраныс мол.    width= Нарыққа сай қажеттілік болса, мектеп формасы мен костюм-шалбарлар да тігіліп, жұртшылыққа ұсынылады.

«Қазіргі таңда Түркістандағы тігін фабрикасының өнімдері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына саудаланып жатыр. Сұраныс жақсы. Түркістан облысымен қатар өзге өңірлерге де шығарылуда. Біз негізінен Түркістан қаласында тұратын көпбалалы, әлеуметтік көмекке мұқтаж аналарды үйретіп, жұмысқа қабылдадық. Мақсатымыз – жұмыс орнын көбейтіп, отандық өндірісті дамыту», – дейді ол.

 width=  width=  width= Жалпы бұл фабрика бір айда  15 мың дана тоқыма өнімін шығаруға қауһарлы. Жалпы зауытқа тартылған инвестиция сомасы – шамамен 420 миллион теңге.