Партия сайлауалды уәделерін қалай орындауда?
Партия сайлауалды уәделерін қалай орындауда?
256
оқылды

«Nur Otan» партиясы «Өз­ге­рістер жолы: әр азаматқа ла­­йық­ты өмір!» атты сай­лау­ал­­ды бағдарламасының жү­зеге асырылуы бойынша нақ­­ты мысалдар келтірді. Әр өңір, қала және ауданға арнап қабылданған 217 Жол кар­тасы аясында бүгінде сай­лауал­ды уәделердің рес­пуб­ликалық деңгейде 7%-ы, ал өңірлерде 5%-ы орындалды.

Партияның баспасөз қызме­тінің мәліметінше, өңірлерде 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 37,6 мың пәтер салынды, сондай-ақ 8,4 мың орындық 25 мектеп және 4 мың орындық 66 бала­бақша, 800 келушіге арналған 9 медициналық нысан ашылды. 630 млрд теңгеге инвестиция тарту арқылы 48 кәсіпорын іске қо­сылып, 107 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарына ор­наластырылды. Жалпы, биыл республикалық деңгейде инди­каторлардың 24%-ын, ал өңірлік деңгейде 20%-ын орындау жос­парланып отыр. Сонымен, сайлауалды уәде­лерді іске асыру аясында Ақтөбе облысында 104 ауылдық елді ме­кен газбен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, Мұғалжар ауданы­ның Жұрын ауылында құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жа­қында ол жерге ауызсу әкелінді, енді тұрғындар көгілдір отынға қол жеткізетін болады. Қанды­ағаш-Жұрын-Қаракөл бағыты бойынша газ құбырын салуға облыстық бюджеттен 1 млрд тең­геден астам қаражат бөлінді. Шымкентте 32 мектептің құ­рылысы басталды. Жаңа оқу жылында үш ауысымда оқытатын орта білім беру нысандарының саны 14-тен 9-ға дейін қысқарады. Қызылорда облысында жыл соңына дейін 5 апатты көпірді жөндеу жоспарлануда. Өңірде облыстық маңызы бар тасжолдағы көпірлердің біріне қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы көктемгі су тасқыны салдарынан Жалағаш ауданында облыстық маңызы бар «Жалағаш-Жосалы» автокөлік жолын су басты. Жыл сайын облыстың Жалағаш, Қар­мақшы, Қазалы, Арал ауданда­рының 200 мыңнан астам тұрғыны облыс орталығына осы тасжол арқылы барады. Биыл бұзылған учаскелерді қалпына келтіруге 98,2 млн теңге бөлінді, 1 шақырым тас­жол төселіп, 4 су өткізу құрыл­ғысы орнатылды. Алматы облысында партиялық уәде негізінде Сарыбай би, Долан және Еркін ауылдарында үш ам­булатория ашылды. Еркін ауы­лында жалпы ауданы 1 000 шаршы метрді құрайтын жаңа екі қабатты ғимаратта сапалы медициналық көмек көрсету және медициналық қызметтерді алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін барлық жағ­дай жасалған. Жаңа амбулаторияда УДЗ, ЭКГ өтуге, сондай-ақ тіс дә­рігерінің қабылдауына келуге мүмкіндік бар. Амбулатория Еркін және Көктал ауылдарының тұр­ғындарын қоса алғанда, барлығы 18 мың адамға қызмет көрсететін болады. Долан және Сарыбай би ауыл­дық округтерінде жаңа амбулато­риялар дәрігерге дейінгі және дә­рігерлік қабылдау кабинеттерімен, гинеколог, тіс дәрігері кабинетте­рімен, емшара және физиотера­пиялық қабылдау кабинеттерімен жабдықталған. Батыс Қазақстан облысында 2025 жылға дейін 8 мыңға жуық отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Оралда 90 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Одан бөлек, облыстың әр­бір ауданында жаңа денешынық­тыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды, оның екеуі Жал­пақтал және Подстепное ауыл­дарында маусым айының басында есіктерін айқара ашты. Онда күрес, волейбол, футбол, баскетбол секілді спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары, 160 орындық көрермен залы қарас­тырылған. Нысанның аумағында шағын футбол және жүгіру алаң­дары салынды.

Әбілмансұр ЖАСАН