Медициналық көмек жағдайы талқыланды
Медициналық көмек жағдайы талқыланды
191
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынды аталған кеңестің төрағасы Бауыржан Қуанышбеков жүргізді. Қаладағы эпидемио­логиялық жағдайға байланысты кеңес отырысы онлайн форматта болды.

Жиынға кеңес мүшелерімен қатар Шымкент қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, қалалық мәслихаттағы фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бас­қармасы басшысының орынба­сары Жанат Өтебаева қатысты. Айта кетейік, «Nur Otan» Шым­кент қалалық филиалының ал­да­ғы 5 жылға арналған «Өзге­рістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасында қаланың топ-10 басымдықтары нақты­ла­нып, соның ішінде әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінген. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халық­тың әлеуметтік осал топтарын қол­дау жөніндегі аймақтық қо­ғамдық кеңес осы күнге дейін екі отырыс өткізіп, тұрғындардың осал топтарын қолдап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру бойынша маңызды мәселелерді талқылап, оның ше­шілуіне ықпал жасаған. Ал бүгінгі отырыста соғыс ар­дагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнет жасындағы адамдарға медициналық көмек көрсету ба­рысы талқыланды. Кеңес отыры­сында қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқар­масы басшысының орынбасары Жанат Өтебаева Шымкентте со­ғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккер­леріне және зейнеткерлік жастағы адам­дарға жасалып отырған көмек туралы баяндама жасады.

Әбілмансұр ЖАСАН