Полиция департаментінің хабарлауынша, апат 23 шілдеде таңертең болды.
Мамлют тас жолында Мағжан Жұмабаев ауданының 64 жастағы тұрғыны КамАЗ көлігімен «Западный» бақылау пунктінің ғимаратына соғылып, материалдық шығын келтірді. Бақылау пункті жұмыс істемей тұрған.
Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші мас болмаған.
«Жүргізушіге қатысты жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, Әкімшілік кодекстің 610-бабының 1-бөлігі, «Көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, адам денсаулығына, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтіруі» бойынша хаттама толтырылды», – деді полицей.