Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Фото: www.kt.kz
288
оқылды
Алматыда коронавирус инфекциясына байланысты шектеу шаралары тағы да күшейтілді. Бүгін, 23 шілдеде Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, сауда және ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлерін, азық-түлік емес базарларын, дәріханаларды, ПТР зертханаларын және басқа да шағын орта бизнес нысандарын Ashyq жобасына қосу тапсырылды. Сонымен қатар Ж.Бекшин мониторинг топтарына әлеуметтік-экономикалық нысандарға оның ішінде Ashyq жобасына қатысушыларға бақылауды күшейтуді тапсырған. Сонымен қатар қоғамдық орындарда бетперде тағу, әлеуметтік қашықтық сақтау және антисептик пайдалану жөніндегі талаптар сақталады. Ал көкке шыққысы келетіндер 15 адамнан аспауы тиіс.