Қолөнер курсы ашылды
Қолөнер курсы ашылды
1,122
оқылды

Қолөнершілерді қолдау және дамыту мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіп­керлер палатасы мен АҚШ-тың Қазақ­стандағы елшілігі бірлесіп, Born Nomad жобасын бастады.

Жоба бизнес бастағысы ке­ле­тін немесе қолөнер саласында жұмыс істегісі келетін шебер­лерге арналған. Курсты аяқтап, тестті сәтті тапсырған қатысу­шыға сертификат беріледі. Курс авторы – 17 жыл еңбек өтілі бар халықаралық кеңесші, бизнес коуч және Aika Alemi брендінің авторы әрі дизайнері Айка Алеми. Еске салсақ, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында 30 үздік жобаға 3 миллион теңгеден берілетіні туралы хабар­лаған едік. Өтінімдерді қабылдау 19 шілдеден 20 қыркүйекке дейін жал­ғасады.

Нұрлан СӘРСЕНҒАЛИҰЛЫ