«Жұртқа жауапкершілік жүгін жүктеген сайлау» – байқаушы Гүлзахира Ауғанбаева
«Жұртқа жауапкершілік жүгін жүктеген сайлау» – байқаушы Гүлзахира Ауғанбаева
198
оқылды
Жамбыл облысы Жамбыл ауданында да сайлау науқаны жүйелі жүргізілуде. Ең көп үміткерлер тіркелген елді мекендегі Бірлесу-Еңбек ауылындағы №169 сайлау учаскесіне 819 сайлаушы тіркелсе, оның жартысынан астамы дауыс беріп үлгерген. – Сайлаушылардың 9-ы үйден дауыс беруге өтініш білдіргендіктен олардың сұранысы қанағаттандырылды. Одан басқа тұрғындардың барлығы санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, өз таңдауын жасауда. Қазіргі таңға сайлау ережелерін бұзатын өрескел заңбұзушылықтар орын алған жоқ. Дауыс беру ашық, әрі байқаушылардың жіті бақылауы арқылы жүргізілуде. Сайлау учаскесіне ауыл тұрғындары жауапкершілік танытып, уақытылы келіп жатыр. Барлық сенімді өкілдер мен байқаушылар құқығы тең сақталған. Негізі бұл сайлау халықтың өзіне жауапкершілік жүгін жүктегендіктен бәрінің бойынан ерекше толқуды байқауға болады. Бұған дейінгі сайлауларда бұқара дауыс беру орындарына тез кіріп шығатын болса, қазір ойланып барып дауыс беруде. Бұл сайлаудың басты ерекшелігі – осы болып тұр, – дейді байқаушы Гүлзахира Ауғанбаева.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы