Кезекті рейд барысында Қаратау ауданына қарасты Сайрам елді мекені Жаңақұрылыс көшесінде жергілікті тұрғын 100 шақты адамды жинап, қораз төбелестіргені анықталды.
https://youtu.be/OqMKm0tw4i8
Оқиғаға қатысты жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Қаратау ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.
Карантин режимін бұзған азаматтарды ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жауапқа тартады.