Петропавлда 93 жастағы кейуана балконнан көп ақша лақтырды
Петропавлда 93 жастағы кейуана балконнан көп ақша лақтырды
© sn.kz
219
оқылды
Петропавда 93 жастағы қария алаяқтарға  балконнан қомақты қаржы лақтырды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті хабарлады.  Ведомствоның мәліметінше, 22 шілдеде кешке алаяқтар кейуананы алдап кетті. Оған үй телефонына белгісіз адам хабарласып, немересін полиция ұстап алып кеткенін айтқан. Сосын мәселені шешу үшін 5 мың доллар сұраған. Қорыққан зейнеткер өзінің 300 мың теңгесін ұсынған. Алаяқ ақшаны балконның тұсына келген адамға лақтыруды сұраған. Уақыт өткен соң туыстарына хабарласқан кейуана алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген. Ол полицияға арыз түсірді. Факт ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді. Қазір тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар күдіктілерді іздестіріп жатыр.