Биыл баласы 1-сыныпқа баратын ата-аналардың өтініші 1 тамызға дейін қабылданады  
Биыл баласы 1-сыныпқа баратын ата-аналардың өтініші 1 тамызға дейін қабылданады  
Фото: yandex.kz
448
оқылды

Сәуір айынан бері 1-сынып оқуға 310 мың өтініш түскен. Құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады.

10 тамыздан кейін дайындық тобы жұмысын бастайды. Оған балабақша мен мектепалды даярлықтан өтпеген балалар барады. 1-сыныпқа өтініштерді қабылдау Электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асады. Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.

Ескерер жайт, «қызыл» аймақтағы өңірде тұратын ата-аналар балаға медициналық анықтаманы оқу жылының басталуына, яғни, 1 қыркүйекке дейін алса болады.