Түркістан облысы Түлкібас ауданында алаяққа алданған тұрғын полицияға арызданды. Оған танысы әскери салаға жұмысқа тұрғызып беретінін айтқан. Сол үшін «жұмыс ақысына» 400 мың теңге алған.
Бірақ жәбірленушіге күдікті жұмыс тауып бермеген. Алған ақшаны да кері қайтармаған.
Полицейлер күдіктіні ұстады. Оның ақшаны бас пайдасына жұмсап, жәбірленушіге өтірік айтқаны анықталды.