Василий Левит Олимпиададағы жеңілісінен кейін отандастарына алғыс айтты
Василий Левит Олимпиададағы жеңілісінен кейін отандастарына алғыс айтты
Фото: turantimes.kz
Қазақстандық боксшы Василий Левит өзіне қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты. «Осындай қиын сәтте қолдау білдіріп, жылы сөздерін арнаған барлық жазылушыларым мен жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді! Жеңісті күндерде де, жеңілген сәтте де бірге болдыңыздар! Спорт – менің өмірім. ...Соққыны бір өзің ұстап тұру өте қиын. Бірақ, осындай қолдауды сезінген кезде, бұл өмірде жалғыз емес екеніңді түсінесің!» – деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында.