Жалдамалы пәтердегі теледидарды ломбардқа өткізіп жіберген  
Жалдамалы пәтердегі теледидарды ломбардқа өткізіп жіберген  
Фото: kazlenta.kz
127
оқылды

Биыл 23 шілдеде Целиноград АПБ кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 37 жастағы тұрғыны арызданған.

Әйел Қосшы қаласында жалға берілетін пәтерден SAMSUNG маркалы теледидары жоғалып кеткенін хабарлады. Шығын көлемі – 340 мың теңге. Жәбірленушінің айтуынша, тұрғын үйді жалға берудің екі айлық мерзімі аяқталғаннан кейін ол жалға алған пәтерден кетіп қалған. Пәтердегі теледидар да жоқ. Полицейлер бұрынғы пәтер жалдаушының тұратын жерін анықтады. Ол полицейлерге теледидарды жөндеуге бергенін түсіндірді. Бірақ теледидар жөндейтін орталыққа барар жолда ер адам полицияға теледидарды ломбардқа өткізгенін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.