Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Түркияның Анталья қаласындағы орман өртінен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
«Өрттен зардап шеккендер арасында біздің азаматтар жоқ. Консулдық жергілікті билікпен тұрақты байланыста, ахуалды бақылап отырмыз», – деді Айбек Смадияров.
Антальяның Манавгат ауданында орман өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге екі ұшақ, 15 тікұшақ, алты бульдозер және 106 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.