Атырауда 71 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті қамауға алынды
Атырауда 71 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті қамауға алынды
© rg.ru
180
оқылды
Атырауда 71 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті қамауға алынды, — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Ведомствоның мәліметінше, кеше, 28 шілдеде сағат 12:00 шамасында 71 жастағы зейнеткерді тонап кеткен.
«Белгісіз ер адам зейнеткерді жерге құлатып, телефонын тартып алған. Сөйтіп, оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдікті азаматты ұстады. Күдікті Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты», — делінген хабарламада.
Қазір зейнеткерді тонаған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіден айғақ зат тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. https://www.youtube.com/watch?v=_A9fgyiAnS8