Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың "Кәсіпкерлік объектілерінде Ashyq жобасын енгізу туралы" қаулысы шықты.
Қиясов Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында 2021 жылғы 2 тамыздан бастап мынадай шектеу шараларын енгізді:
"1) орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, Ashyq-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұрылсын;
2) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;
3) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің (вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысаны сақталсын;
4) Ashyq жобасынан тыс:
құрылыс жұмыстарын жүргізуге;
өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне;
жанаспайтын қызмет көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілт жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т.б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне;
туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері және т.б.);
қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне рұқсат етілсін;
5) "қоңыр қызыл" аймақта демалыс күнінің шектеу шаралары енгізілсін.
10. Ақмола, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарының әкімдері өз құзыретіне сәйкес осы қаулының 11-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан (Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандары), Алматы (Қарасай, Талғар, Іле аудандары), Шымкент (Сайрам, Төлеби аудандары), Қарағанды (Теміртау, Шахтинск, Абай қалалары) қалаларымен шекаралас аудандарда қатаңдату жөнінде ұқсас шаралар қабылдасын.
11. Тиісті аумақтың, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері Ashyq жобасын іске асыру мәселелері бойынша осы қаулыны басшылыққа алады және "жасыл", "сары" және "қоңыр қызыл" аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы болмайды.
12. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің "Кәсіпкерлік объектілерінде Ashyq жобасын енгізу туралы" 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26, "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 11 маусымдағы № 27 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
13. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын» делінген құжатта.
Сонымен қатар, бас санитария дәрігері мына кәсіпкерлік объектілерінде Ashyq жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылуын қаулы етті:
1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
2) спа-орталықтары;
3) моншалар, сауналар, бассейндер;
4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
5) боулинг клубтары;
6) кинотеатрлар;
7) театрлар мен филармониялар;
8) асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
12) бильярд клубтары;
13) концерт залдары;
14) ерікті қатысушылар;
15) караоке;
16) көрмелер;
17) океанариум;
18) марафондар;
19) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
20) әуежайлар;
21) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
22) балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
23) цирктер;
24) отельдер, қонақ үйлер;
25) халыққа қызмет көрсету орталықтары;
26) темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
27) (жабық және ашық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері;
28) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер, (персонал) үшін);
29) букмекерлік конторалар;
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енетіні айтылады.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.