Елордада карантин күшейтілді: жаңа қаулы жарияланды
Елордада карантин күшейтілді: жаңа қаулы жарияланды
215
оқылды
Астанада шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулы жарияланды. Құжат елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. Бұдан былай мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-і қашықтан жұмыс түріне көшіріледі. COVID-19 -ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған, сондай-ақ, тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар барлық қызметкердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Бұдан өзге ұйымдар үшін профилактикалық егу жұмыстарының датасы анықталды. COVID-19 вакцинасының бірінші компоненті 2021 жылдың 10 тамызына дейін, ал екінші компоненті 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін егілуі керек (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда).