Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллиннің ширек финалдағы қарсыласы белгілі болды
Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллиннің ширек финалдағы қарсыласы белгілі болды
Фото: olympic.kz
Қазақстандық боксшылар Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллиннің Токиода өтетін Олимпиада-2020 турнирінің 1/4 финалындағы қарсыластары белгілі болды. Бибосынов 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға шығу үшін бүгін  испандық Габриэль Эскобармен кездеседі, – деп хабарлайды Sports.kz. Ал Сафиуллин (63 кг) намибиялық спортшы Джонас Джонасты жеңген Австралия өкілі Гарри Гарсайдпен шаршы алаңға шығады. [caption id="attachment_153946" align="alignnone" width="945"] width= Фото: inbusiness.kz[/caption] Аталған салмақтағы ширек финал 3 тамызда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Сәкен Бибосынов төрешілердің шешімімен Франциядан келген Биллал Беннанды жеңді, ал Сафиуллин ширек финалға жекпе-жексіз өтті — оның қарсыласы, жапондық Дайсуке Наримацу жарақат салдарынан турнирден шықты.