Челах, Күлекбаевтар жазасын өтеп жатқан «Қара бүркіт» колониясының маңайы өртенді  
Челах, Күлекбаевтар жазасын өтеп жатқан «Қара бүркіт» колониясының маңайы өртенді  
Фото: qarmaqshy-tany.kz
331
оқылды

Қостанай облысында орналасқан «Қара бүркіт» колониясының жанында құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлады.

Өртті қызметкерлер байқап қалып, сөндіруге кіріскен. Төрт сағатта өрт толық сөндірілді.

«Жалын азық-түлік қоймасына қарай өтіп кетпес үшін мекеме басшылығы ТЖД қызметкерлеріне көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Кезекші ауысымдағы барлық күшті жұмылдырдық», – деді УК161-3 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Асхат Баламбаев.

Өрт сөндірушілер колонияның жеке құрамын батыл және жедел әрекет еткені үшін алғыс білдірді. «Қара бүркіт» – (ресми атауы – УК-161/3 мекемесі) Қостанай облысындағы абақты, Жетіқара қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. Абақтыда аса ауыр қылмыс жасап, өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейді.

Біз бұған дейін Челах, Күлекбаевтар жазасын өтеп жатқан «Қара бүркіт» түрмесінің бастығы парамен ұсталғанын жазған болатынбыз.