Су көлігімен серуендеуге тыйым салынды
Су көлігімен серуендеуге тыйым салынды
Фото: astana.citypass.kz
238
оқылды
ҚР Көліктегі бас санитар дәрігерінің су көліктерімен серуендеу шараларын шектейтін қаулысы жарияланды. Құжат бойынша су көлігін ұсынатын нысандар Ashyq жобасына қатыспайтын болса, катер, кеме, теплоход, паром сияқты көліктерді көлдерде, су қоймаларында ойын-сауық және серуендік іс-шараларға пайдалануға тыйым салынды. Ал тәуекелдің шекті деңгейі саналатын - «қоңыр-қызыл» аймақтағы өңірлерде аталмыш көліктерді демалыс күндері Ashyq жобасына қатысушылар да пайдалана алмайды.
«Су көлігі иелеріне ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық іс-шаралар саласында пайдаланылатын су көлігін пайдалануға тыйым салу бойынша шектеу сипатындағы қабылданған шаралар туралы түсіндіре отырып, су көлігі объектілерінде Ashyq жобасын енгізу және карантиндік шаралардың сақталуын бақылау жүргізілсін», – деп жазылған құжатта.