Бірақ бұл үшін малды сақтандыру керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК саласындағы сақтандыру құралдарын дамыту жұмысын жүргізіп жатыр. Өсімдік шаруашылығындағы ылғалдың жетіспеушілігі мен су тасқынынан алқаптарды сақтандыру және мал шаруашылығындағы ірі қара малды сақтандыру бойынша қолданыстағы өнімдерге қой-ешкі мен жылқыларды сақтандыру қосылды.
2020 жылдан бері мал шаруашылығында тек сиырларды түрлі тәуекелдерден сақтандыру жұмысы атқарылып келген болатын. Нарыққа ұсақ мал мен жылқыларды толық сақтандыруды қамтамасыз ететін жаңа өнімдер енгізілді. Оған барлық ықтимал тәуекелдер кіреді және салыстырмалы түрде құны да төмен. «Мал аурудан, өрттен, жазатайым оқиғалардан өлсе және ұрылар сойып алса, жоғалып кетсе сақтандыру арқылы шығынды өтеп алуға болатын механизм ұсынылады. Малды қалыпты түрде сақтандыру аясында фермер малын өз шаруашылығының аумағында ғана түрлі тәуекелдерден сақтандыра алады. Сақтандырудың кеңейтілген түрі форматында фермер малын 5 шақырым радиуста орналасқан көрші шаруашылықтардағы аурулардың өршуінен сақтандырады», – деп хабарлады АШМ. Сақтандыруға жататын бас саны кемінде 30 болуы тиіс. Сақтандырылатын мал санына байланысты сақтандыру тарифтерінің әртүрлі деңгейлері белгіленген. Мәселен, жылқы үшін – 2,31-ден 6,46%-ға дейін, ұсақ мал үшін 2,38-ден 6,16%-ға дейін. «Осы өнімдер бойынша сақтандыру сыйақыларын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау жұмыс істейді. Ол ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандыруға және сақтандыру сыйақысы сомасының 50%-ын субсидиялау арқылы сақтандыру шартын жартылай арзандатуға бағытталған. Осылайша, сақтандыру шартын жасасу кезінде фермер шарт құнының жартысын төлейді, қалған жартысын ол үшін оператор – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры төлейді», – деді қордың басқарушы директоры Асқар Қалиев.Елдос СЕНБАЙ