Президент сынынан кейін жұмыстан кеткен экс-министр жаңа қызметке сайланды
Президент сынынан кейін жұмыстан кеткен экс-министр жаңа қызметке сайланды
Фото: twitter.com
228
оқылды

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

«Сапархан Омаровтың Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және астық саласын дамыту саласындағы көпжылдық нәтижелі қызметін, сондай-ақ астықты мемлекеттік сатып алу жүйесінде табысты тәжірибесін ескере отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының биылғы 28 шілдедегі №227 бұйрығымен ҚР Үкіметінің келісіміне сәйкес, Омаров Сапархан Кесікбайұлы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына сайланды» делінген министрліктің ресми хабрламасында. Сапархан Омаров 1968 жылы 5 мамырда дүниеге келген. 1996 жылдан 2007 жылға дейін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-та қызмет атқарған. Азық-түлік корпорациясындағы 11 жыл ішінде бөлім бастығынан вице-президентке дейін көтерілді. 2008-2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2011-2014 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды. 2 жыл бойы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып еңбек етті. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланып, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы болды. 2019 жылғы 25 ақпанда Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалып, бұл қызметтен 2021 жылдың 10 шілдесінде босатылды. «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен, мемлекеттік мерейтойлық медальдармен және 2010 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің алғысхатымен марапатталған.

Биыл 10 шілдеде Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  қуаңшылық кесірінен мал қырылғанда жұмыс істемегені үшін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қызметінен босатқан еді.