18 жастағы жігіт Үлбі өзеніне батып кетті
18 жастағы жігіт Үлбі өзеніне батып кетті
Фото: ТЖД-нен алынды
126
оқылды

Биыл 1 тамызда үйден шығып кеткен 18 жастағы жігіт үйіне қайта оралмаған. Келесі күні Үлбі өзенінің жанынан өтіп бара жатқан адамдар жігіттің жеке заттары мен ұялы телефонын тауып алып, туыстарына хабар берген. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«3 тамыз күні хабар-ошарсыз кеткен азаматтың туыстары құтқарушылардан көмек сұрады. Сөйтіп, іздестіру басталды. Сүңгуірлер бүгін Үлбі өзенінен ер адамның мәйітін алып шықты», – деді құтқарушылар.

Бұған дейін 10 литрлік ыдыстағы суға  батып кеткен 1 жасар бала туралы жазған болатынбыз.