Қазақстанда жарты жылда 500 мыңнан астам адам жұмыссыз қалған
Қазақстанда жарты жылда 500 мыңнан астам адам жұмыссыз қалған
Фото: gorobzor.ru
146
оқылды

Жыл басынан бері елімізде тіркелген жұмыссыздардың саны 39,5%-ке артты. LS агенттігінің мәліметінше, Қазақстан жұмыссыздық деңгейі бойынша Еуразиялық экономикалық одақта ең нашар нәтиже көрсетті.

Бір жылда елдегі жұмыссыздар саны 20%-ке артты. Биыл жарты миллионнан астам қазақстандық жұмыстан кеткен. Оның ішінде 9400 адам қысқартуға іліккен. Тағы 3800 мыңнан астам қызметкер еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан босатылды. Биыл 6 айда кәсіпорынның таратылуына байланысты 1400-ден астам адам табысынан айырылды. Көпшілігі мемлекеттік басқару, қорғаныс және әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау саласында еңбек еткен.

Алайда, 1900 адам қос тарапқа да қатысы жоқ жағдайларға байланысты жұмыстан кетті. 268 адамның біліктілігі жеткіліксіз екені анықталған. Ал 78900 адам жұмыстан босатудың басқа себептерін көрсеткен.