Автокөліктерді тіркеу тоқтатылған
Автокөліктерді  тіркеу тоқтатылған
© коллаж: Еркебұлан Дүйсеболатов
161
оқылды

Қазақстанда күніне 2 мыңдай автокөлік тіркеледі. Осыдан-ақ «автоцондарға» түсетін жүктемені бағамдауға болады. Алайда азаматтар бірер күннен бері жаңа көліктерді тіркей алмай, тығырыққа тірелді. «Азаматтарға арналған Үкімет» мемкорпорациясының түсіндіруінше, бұған техникалық ақау себеп болыпты.

Ведомствоның түсіндіруінше, 2021 жылғы 5 тамызда кеден ақпараттық жүйесінде туындаған ақауға байланысты елдегі маман­дандырылған ХҚКО-ларда жаңа автомобильдерді тіркеу уақытша тоқтатылды. Есепке қою кезінде автоХҚКО операторлары жаңа көлік құралдарының тіркеуін жүр­гізе алмаған: кеденнің деректер базасындағы ақау салдарынан мемлекеттік орган өтініштерді кері қайтарып жатыр. «Ақауға байланысты жаңа көлік құралдарын есепке қою қызметі қолжетімсіз. Бұл азаматтардың тікелей автосалон­дардан сатып алатын жаңа көлік­терге қатысты. Жауапты орган ақ­параттық жүйені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келтірілген қолай­сыздықтар үшін азаматтардан ке­шірім сұраймыз», – деді «Аза­мат­тарға арналған үкімет» мем­корпорациясының сервис жө­ніндегі басқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев. Жүйенің қалпына келгені және жаңа автокөліктерді тіркеу қыз­метінің жандануы туралы кли­ент­терге қосымша хабарланатын болады.

Айхан ШӘРІП