Санитарлық талаптың сақталу деңгейі қаралды
Санитарлық талаптың сақталу деңгейі қаралды
203
оқылды

«Nur Otan» партиясының жанынан құрылған Ұлт ден­саулығы мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Тараз қаласы мен ау­дан­дардағы эпидемиологиялық ахуалдың қазіргі жағдайы, санитарлық талаптың сақталу деңгейі қаралды.

Жиында алдымен Тараз қаласы әкімінің орынбасары Д.Әбіл­ха­йыров­­тың есебі тыңдалды. Оның ай­туынша, жыл басынан бері қа­лада індет жұқтырудың 6 950 жағ­дайы тіркелген. Өткен тәуліктің өзінде 91 адам инфекция жұқ­тыр­ған. Жалпы, қала әкімдігі жанынан құрылған мониторинг тобы жүр­гіз­ген рейд жұмысы барысында жыл басынан 328 әкімшілік құ­қық­­бұзушылық туралы хаттама тол­­ты­рылса, 21 жеке кәсіпкерлік ны­­са­нын жабу туралы сот шешімі шы­­ғарылған. Алайда сот шеші­мінде «ғимарат жұмысын тоқтату» тар­мағы көрсетілмегендіктен,  кә­сіп­­керлер жұмыстарын жалғас­ты­рып жатыр. Спикердің сөзінше,  КВИ-дің күрт өршуіне тыйылмай тұрған той­лар, адамдар көп шоғырлана­тын іс-шаралар және санитарлық ре­жимнің сақталмауы себеп болып отыр. Мониторинг топ мүшелері бір күннің өзінде 25 тойды тоқтат­қан. Сондай-ақ қоғамдық  көлік­тер­де тұрғындардың бетперде ре­жимін сақтамау фактісі жиі кез­деседі. Бұдан бөлек, кеңес оты­ры­сында Шу және Қордай ауданы әкімдері орынбасарларының ба­ян­дамасы тыңдалып, елді ме­кен­­­дердегі індеттің өршу деңгейі са­ра­ланды. Жиын барысында рейд жұ­мысын күшейту, халыққа ек­пе­нің тиімділігін түсіндіру бойынша насихат жүргізу керегі айтылды. Кеңес отырысы соңында бірқатар ұсыным қабылданып, көтерілген мәселе бақылауға алынды.

Әбілмансұр ЖАСАН