Азаматтарды онлайн форматта қабылдады
Азаматтарды онлайн форматта қабылдады
5,201
оқылды

«Nur Otan» партиясының Маң­ғыстау облыстық филиа­лында облыстық мәслихат де­путаты Людмила Меңді­ға­лиева тұрғындарды онлайн форматта қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға бес азамат жазылды. Азаматтардың үшеуі – тұрақты жұмыс іздеушілер. Алғашқылардың бірі болып қа­был­дауға жазылған жалғызбасты ана А.Байбатырова «Өзен­Мұнай­Газ»-ға штаттық жұмысқа орналас­қысы келетінін айтып, көмек сұ­ра­ды. Ал көпбалалы әке М.Нард­жанов 2014 жылдан бері 35-шағы­наудандағы оралмандар үйінде тұра­тынын, ай сайын алатын жа­ла­қысының 80 000 теңгеден аспай­тынын тілге тиек етті. Сонымен қатар жеке басында тұрақты бас­пана болмағандықтан, тұрып жатқан үйінің уақытын 2 жылға создырып беруін сұрады. Қоғамдық қабылдауға қатыс­қан үш азамат жекеменшік мек­тепке кіші қызметкер және ағыл­шын тілі пәні мұғалімі қыз­метіне орналастырылды. Ал қан­дастар орталығында тұратын М.Нард­жановта нақты келісім­шарттың жоқ екені анықталды. Түрікмен­станнан 2014 жылы келген аза­маттың баспана кезегінде көпбалалы отбасы ретінде тұрғаны да белгілі болды. Ол қандастар орталығын босатуға ешқандай жаз­баша түрде хабарлама алмаған. Сондықтан оған бұл мәселе бо­йын­ша жазбаша хат жіберуге кеңес берілді.

 Әбілмансұр ЖАСАН