Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарлама
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына  бастамашылық ету туралы хабарлама
© www.alem-edu.kz
235
оқылды
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықара­лық қазақ-түрік университеті мекемесі (бұдан әрі – мекеме) «Мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік туралы» Қазақстан Республикасы За­ңы­ның (бұдан әрі – Заң) 44-бабы 2-тарма­ғының 1) тармақшасына сәйкес әлеуетті же­­кеше әріптестің «Түркістан қаласында уни­­верситет қалашығының аумағындағы бел­гіленген жерде бірегей үлгідегі 1500 орын­дық жатақханалар салу және оны пайдалануға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жо­басына (бұдан әрі – Жоба) бастамашылық еткені туралы хабарлайды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік түрі: Жобаны жекеше әріптес қаражаты есебінен МЖӘ объектісін салуды, құрылыс біткен соң МЖӘ объектісін мекеменің меншігіне өткі­зу­ді жоспарлайды. Бюджеттен сұралатын төлемдер мен мем­лекеттік қолдау шаралары: Инвестициялық шығындарды өтеу, операциялық шығындарды өтеу. Жобаның негізгі технико-экономикалық параметрлері: Жоспарланған құрылыс мерзі­мі – 2021-2023 жылдар. Объект ауданы: 28750,32 ш.м. «ҮТЖҒЗИ (Тұрғын үй институты)» ЖШС, Каз НИИСА «Қазақ құрылыс және сәу­лет ғылыми-зерттеу және жобалау инсти­туты» АҚ жасаған 5-7-9 қабатты бірегей үлгі­дегі 500 орындық жатақханалардың және «Казах­станская Архитектурно-Строительная Ком­пания» ЖШС дайындап, оң сараптама қо­рытындысы алынған 5 қабатты, әрқайсысы 500 орындық 3 жатақхананың жұмыс жоба­лары негізінде. Жоба қуаттылығы: 1500 орындық сту­денттер мен магистранттар және докторанттар жататын жатақханалар. Техникалық күрделі және бірегей жобаларға жатады. Жобаның мақсаты мен міндеттері: Жобаның мақсаты Түркістан қаласындағы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері мен ма­гистранттары және докторанттары үшін заманауи үлгідегі 1500 орындық жатақханалар тұрғызу. Студенттер мен магистранттардың және докторанттардың білім алуына және тұрмыстық жағдайын жақсартып ыңғайлы демалуына ықпал ету. Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге нақты қажеттілік: Жобаны іске асыру мынадай стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген: 1.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 8-бабы 2-2 тармағы, Білім және ғылым министрлігінің 18.09.2018 жыл­ғы №464 бұйрығы және осы бұйрыққа 21.12.2018 жылғы №700, 10.01.2020 жылғы №17 бұйрықтармен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. Баламалы өтінімді ұсынудың соңғы мерзі­мі: Баламалы ұсыныстар осы хабарлама жа­рияланған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде қабылданады. Баламалы ұсыныстар «Мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік туралы» ҚР Заңының 32-бабында ай­қындалған әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс, баламалы ұсыныстар құ­жаттарының пакеті Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс және тікелей келіссөздер жүргізу, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мони­торингін жүргізу, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мо­ниторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қа­ғидаларының 135-тармағына сәйкес құжат­тарды қамтуы тиіс және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуі тиіс. Байланыстар: Альтернативті ұсыныстар жазбаша түрде келесі мекенжай бойынша тапсырылады: Қазақстан Республикасы,161200 Түр­кістан облысы, Түркістан қаласы, Б.Саттар­ханов даңғылы №29В, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, 2-қабат 208-кабинет, 8-(72533)-6-38-48, 8-(72533) 6-36-08, Fax: 8-(72533)-6-38-49, e-mail: info@ayu.edu.kz Байланысатын тұлғаның аты жөні: Батырбаев Нұрлан Мұхтарұлы, эл.пошта: nurlan_1974@mail.ru