Арыста шыққан қою түтін жұрттың үрейін ұшырды
Арыста шыққан қою түтін жұрттың үрейін ұшырды
© inform.kz
255
оқылды
Арыста шыққан қою түтін жұрттың үрейін ұшырды. Алайда халықтың алаңдауына еш негіз жоқ, – деп хабарлады Арыс қалалық әкімдігі
"6 тамызда 17.00 шамасында Арыс теміржол станциясының вагон паркі маңында жүк вагонында өрт шықты. Қазіргі кезде оқиға орнында тиісті сала мамандары шұғыл өрт сөндіру жұмыстарымен айналысуда.  Тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ", – делінген хабарламада.
"Оқиға басқа пойыздарға әсер етпеді. Қазіргі уақытта ТЖД 26 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. ҚТЖ-ның 12 қызметкері және бір дана техника мен өрт сөндіру пойызы тартылды. Сондай-ақ, Арыс қаласының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Сонымен қатар 44/859 ӘБ әскери бөлімінің әскери қызметшілерінен 8 адам және 2 дана техника бар. Оқиға орнына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бекеті қойылды. Зардап шеккендер жоқ", – деді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.
Оның айтуынша, алдын ала ақпарат бойынша, контейнерде сары фосфор бар. РИА Новости мәліметінше, сары фосфор – улы зат. Ауада оңай тотығады және өздігінен тұтанады. Ол қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянын тигізеді. Еске салайық, 2019 жылғы 24 маусымда Арыс қаласында оқ-дәрі қоймасында бірнеше жарылыс болған болатын. https://www.youtube.com/watch?v=ERpKXSmZQK8   https://www.youtube.com/watch?v=7ejNIBvNFdA