Жалған құжат жасағандарға қатысты 110 іс қозғалды
Жалған құжат жасағандарға қатысты 110 іс қозғалды
215
оқылды

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ПТР тестілері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалды. ІІМ-де өзге мүдделі меморгандар басшыларының қа­тысуымен Мемлекет басшы­сының КВИ таралуына жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс кеңесі өтті.

«Жалған медициналық құ­жаттарды ұсынудың тұтас схема­лары анықталып жатыр. Кейбір туроператорлар жалған вак­ци­нация паспорттарын шығарумен және сатумен айналысқан. Сонымен қатар оларды теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде іске асыру фактілерінің жолы кесілді», – деп хабарлады Ішкі істер ми­нистрі Ерлан Тұрғымбаев. Ел Президенті ІІМ жанынан ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырған. Топ вакци­нация паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін қолдан жасау және сату фактілерінің жолын кесу жұмысын үйлестіре­ді. Ақпаратты жинау және өңдеу, сондай-ақ анықталған фактілер­ге ден қою шаралары бойынша өзара іс-қимыл тәртібі айқын­далған. Жыл басынан бері 110 қылмыстық іс тіркелді, оның ішін­де 60-сы – жалған ПТР-анық­тама, ал 50-і – ВП-ны қол­дан жасауға қатысты. Осы қыл­мыстарға қатысы бар 28 адам әшкереленді, оның ішінде медицина қызметкерінің саны – 20 (6 дәрігер, 14 медицина қызметкері). Делдалдар – 8. Сондай-ақ әлеуметтік желі­лерге мониторинг жүргізу кезін­де жалған ВП және ПТР анық­тамасын сату туралы 70 хабар­ландыру анықталды, олардың 37-і бұғатталды. Осы санаттағы істер бойынша тергеу-сот практикасы қалыптастырылды, заңды күшіне енген сот актілері де бар. Төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шы­ғарыл­ды. 43 қылмыстық іс бо­йын­ша тергеу әрекеттері және сарап­тамалық зерттеулер жүргі­зіліп жатыр. Олар аяқталғаннан кейін күдіктілердің іс-әрекет­теріне құқықтық баға беріледі, іс жүргізу шешімдері қабылданады. Барлық қылмыстық істің тер­гелуі министрлік бақылауында.

Елдос СЕНБАЙ