Балалар жол апатына себеп болды
Балалар жол апатына себеп болды
© коллаж: Еркебұлан Дүйсеболатов
504
оқылды

Жазғы демалыста, бос уа­қытта ермек таппаған бала­лар жолға шығып кетіп, жол-көлік оқиғаларына себепші болған. Тек бір ғана Ақтөбе облысында балалар­дың қатысуымен 54 жол апаты тір­келді. Оның көбі жаз мау­сымының еншісінде.

2021 жылғы 7 айда Ақтөбе об­лысында балалардың қаты­суы­мен жолдарда 54 апат тір­келді, онда 64 бала зардап шекті, ал екеуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Полицейлердің байламынша, жол-көлік оқиға­ларының өсуі жазғы демалысқа, ересектердің балалардың дала­дағы мінез-құлқына бей-жай қарауына байланысты болып отыр. Сондай-ақ көптеген жүргізу­шілер «арнайы балалар орын­дығы немесе басқа құралдар болмаған кезде 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдауға тыйым салуды» көздейтін жол ережесін сақтамайды. Бұдан бөлек, жаз басталғалы бері жас велосипед, скутер, ролик тепкен балалар бар ынтасы ойынмен болып, жан-жағына қарамай, жазатайым оқиғаға душар болуы мүмкін. Полиция қызметкерлері ата-аналармен және балалармен профилактикалық әңгімелер жүргізуде, жаднамалар таратып та жатыр. Сонымен қатар жаңа оқу жылы басталған соң мектеп­терде жол қозғалысы ережелері бойынша арнайы сабақтар өткі­зіледі. Әрбір адам, соның ішінде балалар жол қозғалысы ереже­лерін сақтаса, көшеде үйлесім ор­нап, жолдағы апаттар саны азаяр еді.

Ерік ЕРДЕНОВ