Қоғамдық кеңес жұмысы сараланды
Қоғамдық кеңес жұмысы сараланды
226
оқылды

Мұрат Хамитовтың төра­ғалығымен «Nur Otan» партия­сы Павлодар облыстық фи­лиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Кеңес отырысына «Nur Otan» пар­тиясы Павлодар облыстық фи­лиалы төрағасының орынбасары И.Теренченко, Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша де­партаменті басшысының міндетін атқарушы А.Балғожин, «Jas Otan» Жастар қанатының төрайымы С.Жүсіпова, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық ке­ңес­тің мүшесі А.Гуськов қа­тысты. Күн тәртібінде Аққулы және Тереңкөл ауданы әкімдіктерінің 2020-2025 жылдарға арналған сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл жөніндегі партиялық бағдар­ламаны іске асыру жұмысы талқы­ланды. Сондай-ақ Аққулы ауданы­ның Сыбайлас жемқорлыққа қар­­сы іс-қимыл жөніндегі қоғам­дық кеңесінің 2020-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі пар­тиялық бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысы сараланып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы та­қырыпқа мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру барысы әңгіме өзегіне айналды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық ке­ңес­тің отырысы барысында Аққу­лы және Тереңкөл ауданының әкім­дері сөз сөйледі. Тереңкөл ау­данының әкімі Серік Батыр­ғо­жи­нов Тереңкөл ауданы әкім­дігі­нің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы партиялық бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмысы туралы айтты. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды мектеп қабырғасынан бастау қажет екенін атап өтті. – Ауданның оқу мекемелерінде мектеп ортасында сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мәдениетті қа­лыптастыруға бағытталған іс-шара тұрақты негізде өткізіледі. Аудан мектептерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсететін және қатысатын «Адал ұрпақ» ерік­ті мектеп клубы құрылған. Мем­лекеттік қызмет көрсету сапа­сын арттыру мақсатында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­жырымдамасын іске асыру ая­сында 2020 жылғы 22 мамырда аудан тұрғындарына сұрақпен, проблемамен, шағыммен және ұсыныспен ауданның мемлекеттік мекемелерінің өкілдеріне тікелей жүгінуге мүмкіндік беретін OPEN TERENKOL сервистік әкімдігі жұмысын бастады. Сервистік әкімдік ашылған сәттен бастап кеңес алу үшін 74 адам жүгінді, – деді Серік Батырғожинов. Мемлекеттік органдардың қо­ғам алдындағы ашықтығын, ай­қындығын және есептілігін арт­тыру үшін аудан әкімдігінің сай­тында аудан бюджетінің орында­луы, азаматтық бюджет және жос­парланған индикаторлар бо­йын­ша ақпарат орналастырылады. Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша барлық іс-шаралар қатаң қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүргізіледі. Отырыс қоры­тындысы бойынша Тереңкөл ау­данының әкімі Серік Барлы­байұлының есебіндегі бірқатар мәселе негізгі жоспарға енгізілді. Өз кезегінде «Nur Otan» пар­тиясы Павлодар облыстық фи­лиалы жанындағы Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі қоғамдық кеңес Аққулы аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғам­дық кеңестің жұмысы туралы есепті қабылдамады және атқарыл­ған жұмыстары әлі де пысықтауды қажет ететінін жеткізді. Отырыс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі облыстық қоғамдық кеңес тарапынан ұсыныс берілді.

Әбілмансұр ЖАСАН