"Неге алтынсыз қайтты?": бұрынғы бас бапкер Тұрсынғали Еділов Олимпиадаға қандай боксшыларды апару керек екенін айтты
"Неге алтынсыз қайтты?": бұрынғы бас бапкер Тұрсынғали Еділов Олимпиадаға қандай боксшыларды апару керек екенін айтты
Фото: sportx.kz
Қазақстандық боксшылар Токиодағы Олимпиада ойындарын аяқтады. Ел құрамасы өз тарихында алғаш рет басты спорттық жарыстарда алтын медальсіз қалды. Бокстан Сәкен Бибосынов (52 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (91+) қола жүлде иеленді. Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Тұрсынғали Еділов боксшыларымыздың Токио Олимпиадасындағы нәтижесі туралы ой бөлісті. Бұл туралы Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  –Тұрсынғали Нұржақыпұлы, қазақстандық боксшылардың Токио Олимпиадасында көрсеткен өнерін қалай бағалайсыз? – Қалай бағалауға болады?.. Сәтсіз. –Қазақстан ұлттық құрамасы бокстан тарихта бірінші рет Олимпиададан алтынсыз қайтты. Сіздіңше бұған не себеп? – Стратегия, жоспарлау деген болуы керек. Бұл жерде не айтуға болады?!. Диванға отырып алып «Мына жерде дұрыс істемеді, мына жерде жұдырықтаспады, қорғану керек еді...» деп талдайды. Болар іс болды ғой. Не айтсаң да, қалай ұрыссаң да, ол мұны істей алмайды. Өйткені жігіттер шаршаған. Жылдың басынан бастап әрбір іріктеуді бақылау керек еді, Олимпиада жылы болғасын. Қоңқабаев жұдырықтасты... Қалай бұлай жұдырықтасуға болады?!. Ол бірінші раундта жақсы нәтиже көрсетті. Қарсылас оны арандатып шақырып тұрғандай, жекпе-жек америкалықтың дегенімен өткендей. Ол жылдам, ал Қоңқабаев шаршаңқы. Көшбасшылар туралы не айтуға болады? Біздің команданың барлығы дерлік көшбасшылар, фавориттер. Шықты, от жоқ, ойлау, техникалық-тактикалық жоспар жоқ. Осының бәрі жетіспеді, біз, мамандар білеміз ғой.  Олар Азия ойындарынан, Азиядан, әлемдік жарыстардан өтті, дұрыс. Ал бұл жерге одан асқан ешкім жоқ деген мықтыларды апару керек. Ал мұнда іріктеу, іріктеу және іріктеу...
Бұрын бапкерлер сезетін: көзінде от болмаса  қандай жолмен болсын, боксшыны іріктеу жиындарына немесе жарыстарға жібермейтін. Сондай бапкерлер болды. Ал мұнда қалай?.. Кім біледі, ол көп жұмыс істеді ма, жоқ па? Енді нәтижесі қайда? Жалпы, бәрін қарау керек. «Бибосынов бірінші раундта жеңілді, екінші раундта жеңді» демей. Жаңа да айттым, жігіттердің бәрі шаршаған.
– Бұған кім кінәлі?.. –Жаттықтырушылар құрамы. Жоспарды құратын солар ғой. Бас бапкер стратег болуы керек, кімнің қай жерде өнер көрсетуін,  қай жерге бармау керегін, қай кезде іріктеуді қоя тұру керек,  осыны шешуі керек. Жеке жаттықтырушылар шәкірттері не істеу керегін сезінуі керек – әрбір іріктеуді, жаттығуды талқылап, айтуы керек. ...Қалай десек те, егер шаршап тұрсаң ештеңе істей алмайсың, жылдамдығың, ойлау жылдамдығың және тактикаң жоғалады. – Қай боксшыдан көңіліңіз қалды? – Қоңқабаевтан, мен оған сендім. Не айтуға болады?!. Бірдеңе айта бастасаң, «Міне, олар әкелді ғой, олар мынадай, сондай» деп бастайды... Қазір шындықты айту керек. Иә, көбісі ренжіді, олар өз мүмкіндіктерінен нашар бокстасты. Кешегі, бүгінгі жекпе-жектерді көріп, анализ жасадым... Абылайхан Жүсіпов... Қалай бұлай бокстасуға болады?!. Аманқұл... Оларды кінәлаудың қажеті жоқ. Министрлік неге бақылау жасамайды?!. Федерация неге қарамайды? ҰОК неге бақылау жасамайды?!. –Сәкен Бибосынов жартылай финалда ұлыбританиялық боксшыдан жеңілді. Төрешілер шешімі туралы не айтасыз? — Бірінші раундта ол қателік жіберді – соққыны жіберіп алып, нокдаунға түсті. Басынан төрешілердің назарын аударды, ондай болады, олар көріп отыр ғой. Екінші раундта жеңіске жетті, бірақ көп күш жұмсады. Ал үшінші кезеңді ұлыбританиялық жақсы бастады, бірақ соңында қаша бастады. 3:2 есебімен оған берді. Міне, осындай жекпе-жек болды. Үшінші, екінші раундтарда жігіттердің күші жетпей жатады. –Басында осы жекпе-жек туралы ойыңыз қандай болды? – Мен ол өтеді деп ойладым, өйткені аяқпен жақсы жұмыс істейді. Ұлыбританиялықтар шаршамай тұрып бірінші раундтан шабуылға көшіп, нокдаунға жіберу әдісін ұстанды. Тактикалық тұрғыдан олар жеңді. –Сәкен Олимпиада жүлдегері болады деп ойладыңыз ба? — Иә, өйткені алғашқы жекпе-жектен бастап бәрі жақсы болды. Мен ол финалға қиналмай өтеді деп ойладым, сендім, шынымды айтсам. Ол жылдам, қолы ұзын, аяғымен жұмыс істейді. Ал ұлыбританиялықтар бір жерде ұрса, бір жерде тұрып қалады. Мұнда жылдамдық үлкен рөл атқарады. –Жалпы, төрешілік туралы не ойлайсыз? Жекпе-жек объективті түрде бағаланды ма? – Объективті бағаланды. Бірінші раундты оған, екінші раундты Бибосыновқа берді. Бірінші раундта Бибосыновтан гөрі ұлыбританиялық басым түсті, ал үшінші раунд тең болды. Бірақ ұлыбританиялық басында дәл соққылар жасады, соңына  таман жүгіре бастады. Төрешілікте еуропалықтарды қолдайтын нәрсе бар. Егер тең болса, оларға береді. Менің пікірім осындай. Сондықтан қандай болмасын, жұлып алу керек. –Бибосыновтың болашағы туралы көзқарасыңыз қандай? — Ол әлі жас. Менің ойымша, әуесқойда қалып,  жұмыс істейді. Ол 24 жаста. –Келесі Олимпиада ойындарында «алтынға» үміткер бола ала ма? –Кім біледі... Жол ұзақ. Нұрдәулетов Хатаевтан жеңіледі деп кім ойлаған?! Левит біріншіде испандыққа жол береді деп ше?.. Кім бұлай ойлады дейсіз.  Боксты болжау мүмкін емес, бәрі қас қағым сәтте. Бокс – ойлау жылдамдығы және аяқ жылдамдығы. Әр жекпе-жекке жүз пайыз дайын бола бермейсің, әсіресе бокс –Олимпиаданың басынан аяғына дейін өтетін ұзақ марафон. Болжау қиын. Егер ол кубалық Ла Круз сияқты көшбасшы ретінде ұлттық құрамаға барса, тұрақтылық болған кезде, әрине айтуға болады.