Алдағы күндері Қазақстанда 45 градусқа дейін күн ысып, жаңбыр жауады
Алдағы күндері Қазақстанда 45 градусқа дейін күн ысып, жаңбыр жауады
© Еgemen.kz
307
оқылды
"Қазгидромет" РМК 10-12 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.   Орталығы Сібірдің батысында орналасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына әсерін сақтайды. Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Бұл аймақтардағы температура фоны түнде 8-15 градус, ал күндіз 17-22 градусқа дейін жылы болады. Республиканың қалған аумағында кең антициклон құрғақ және шуақты ауа-райын қамтамасыз етеді. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.