Forbes бойынша ең бай 50 кәсіпкер тізіміне енген қазақстандық бизнесменге іздеу жарияланды
Forbes бойынша ең бай 50 кәсіпкер тізіміне енген қазақстандық бизнесменге іздеу жарияланды
©https://kaz.tengrinews.kz
262
оқылды

Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер Анатолий Балушкинге іздеу жарияланды.

Бизнесменді іздеу туралы хабарландыру бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті сайтында "қылмыскерлерді іздеу" бөлімінде пайда болды. Іздеу себептері туралы мәлімет жоқ, алайда, сайт мәліметі бойынша, Балушкин тергеуден қашып кеткен.

"Азия Авто" сайтының мәліметінше, Анатолий Балушкин - "Бипэк Авто - Азия Авто" компаниясында директорлар кеңесінің төрағасы. Сонымен қатар Балушкин Forbes нұсқасы бойынша 2020 жылдың желтоқсанында Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкердің тізіміне енген. Оның байлығы 153 миллион долларға бағаланды.

[caption id="attachment_155259" align="alignnone" width="1024"]кәсіпкер ©kaz.tengrinews[/caption] Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Азия Авто" көлік құрастыру компаниясына талап арызы бойынша шешім шығарған болатын. Сот "Азия Авто" компаниясына мемлекетке 174 миллиард теңге қайтаруды міндеттеді.