Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларында жолаушылардың салмағы өлшене бастады
Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларында жолаушылардың салмағы өлшене бастады
©azattyq-ruhy.kz
235
оқылды

9 - 31 тамыз аралығында Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейстермен ұшып шығатын 18 жастан асқан әуе жолаушыларына ерікті түрде салмақ өлшеу қызметі ұсынылады.

Air Astana хабарлағандай, салмақ өлшеу процедурасы билет құнына еш әсер етпейді және бұл ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында ғана өткізіледі. Ұшар алдында салмақ өлшеу IATA (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының) ережелеріне сәйкес әуе көлігі балансын анықтау үшін статистикалық деректерді жинау мақсатында өткізіледі. Салмақ өлшеу рейске тіркеу өткізілгеннен кейін арнайы дайындалған орында болады. Ер адам мен әйелдер бөлек өлшенеді.