Ashyq тиімділігін көрсетті
Ashyq тиімділігін көрсетті
216
оқылды

Елімізді ғана емес, әлемді дүрліктірген коронавирус пандемиясынан кәсіпкерлер көп зиян шекті. Дегенмен оларға мемлекеттен көмек берілуде. Бизнесі тоқтап қалмауы үшін Ashyq жобасы қолға алынды. Осы және кәсіпкерлерді толғантқан мәселелер туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Карантин және мемлекеттік қолдау жағдайындағы бизнестің жұмысы туралы» брифингте Қарағанды облыстық Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна АБЫЛАЕВА, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар КҮЛПЕЙІСОВ, жедел ден қою орталығының басшысы Қайрат ШОРМАНБАЕВ айтып берді.

Жобаға қатысушылар саны артты

– Өздеріңіз білетіндей, 2 та­мыз­дан бастап Ashyq жобасына қа­тысушыларға жаңа ереже қолда­нылуда. Бұл бағдарлама сүзгі ре­тінде қызмет етеді, оның мақсаты – қолайлы санитарлық-эпидемио­логиялық жағдай жасау және адам­дар көп жиналатын жерлерде ви­рус жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың пайда болуына жол бермеу. Аталған жоба алғашында қо­ғамдық тамақтану объектілерінде іске асырылды және өзінің тиімді­лігін көрсетті. Барлығы 50 қатысу­шыдан бастау алды. Қазір Ashyq-пен 8 мыңға жуық нысан қамтыл­ған, белсенділік бойынша Қара­ған­ды облысы республикада Алма­ты мен Нұр-Сұлтан қалаларынан кейін 3-орында тұр. 22 шілдемен салыстырғанда қатысушылар саны 4,2 есе (1 895-тен 7 959-ға дейін) өскен. Сонымен қатар жобаның адал қатысушы­ла­рына көшбасшы мәртебесі бері­леді, бүгінде өңірде 71 көшбасшы бар. Негізгі критерийлерге 2 апта­дағы тіркелу саны жатады, соңғы 2 аптада Қарағанды қаласында 1 000-нан астам және аудан, қала­ларда 500 қоғамдық тамақтану орны тіркелген. Облыс орталығындағы сауда-ойын орталықтарының 25 мыңы тіркелсе, аудан, қалаларда 10 мыңы тіркелген. Ақпарат жаңартылып, Қара­ғанды облысының әкімдігі мен Кәсіпкерлік басқармасының сай­тында жарияланады, – дейді басқарма басшысы.

Көшбасшыларға жеңілдік бар

Ashyq жобасы бойынша жаңа алгоритмге сәйкес, жүктеуді Цифр­ландыру министрлігі адам факторын алып тастап, автоматты түрде жүзеге асырады және одан әрі әкімдікке жібереді. – Мысалы, Ashyq жобасының көшбасшыларына жұмыс уақыты 22.00-ге дейін, ал қарапайым қа­тысушыларға сағат 20.00-ге дейін ұзартылды. Көшбасшы мәртебе­сі­нің ұзақтығы – 2 апта. Сондай-ақ жоба көшбасшылары үшін артық­шылықтың бірі соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көр­сетілімдері бар адамдарды, ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, қызметкерлердің кемінде 90% бі­рінші компонентпен вакцина­ция­лау шартымен объектінің толты­ры­луын 20%-ға ұлғайту болып табылады. Бүгінде пилоттық жоба тала­бы­ның орындалмауына байланыс­ты 314 бизнес нысаны өшірілген. Жобадан шығарылуға 2 апталық жүктеу нәтижелері бойынша объек­тінің check-in минималды санын көрсетпеу фактісін анықтау, сондай-ақ мониторинг тобы анық­таған бұзушылықтар негіз бола­ды, – дейді басқарма басшысы.  Айта кету керек, пилотқа қаты­сатын және Ashyq-қа қосылғандар ара­сында жеңілдік қарасты­рыл­маған бизнес санаттары да бар. Бізде мұндай 594 нысан бар. Бұл бизнес­тің санасы мен әлеуметтік жауап­кершілігін көрсетеді. Қазір бизнес­тің 145 жаңа нысаны тесті­лік режимде өтуде. Күрделі эпидемиологиялық жағдай кезеңінде бизнестің толық­қанды жұмыс істеу мүмкіндігін сақ­таудың негізгі тәсілінің бірі – Аshyq қосымшасын кеңінен пай­далану және вакцинациялау. Бұл – бизнестің кәсіпкерлік қызметтен пайда табу және азамат­тардың денсаулығын сақтау мақ­сатында бизнес-процестерді қайта құрудың жалғыз тәсілі. Біз осы мә­селе бойынша кәсіпкерлердің түсіністігіне және қолдауларына үміттенеміз. Бизнестің Аshyq-ты қол­данудағы адал көзқарасы мен жауапкершілігі маңызды. Бизнес объектілері тек Ashyq қо­сымшасымен жұмыс істей алады – 9 тамыздан бастап Ashyq-пен жұмыс істейтін кәсіпкерлік объек­ті­лердің жұмыс уақыты 22.00-ге дейін ұзартылады. Бұл ретте Ashyq көшбасшыларына түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бұл бизнес-қауымдастықты жоба ережелері бойынша жұмыс істеуге ынталандырады. Қазақстандағы Ashyq жобасының қатысушысы болғысы келетіндер саны күніне 1 000-нан 5 000-ға дейін өсті. Қара­ғанды облысындағы Ashyq жоба­сында қазірдің өзінде 9 338 кәсіп­керлік объектісі тіркелді. Оның үстіне олардың 1 000-нан астамы ерікті қатысушылар. Қосымшаға бірнеше азық-түлік супермаркеті қосылды, олар облыстың бас мем­лекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес қосымшасыз жұмыс істей алады, – дейді облыс­тық кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов. Еліміздегі 74 мың кәсіпкерлік объекті бүгінде Ashyq жобасына қосылған. Дегенмен карантин тәр­тібін бұзған кәсіпкерлік иелері жобадан шеттетіледі. Ол 5 крите­рий бойынша жүзеге асады. Мы­салы, жұмыс уақыты белгіленген уақыттан асып кетсе, отбасылық, мерейтойлық іс-шаралар, бетперде режимі сақталмаса және келушілер белгіленген адам санынан асып кеткен жағдайда жобадан шыға­рылады.

Мониторинг топ жұмысы күшейді

– Қарағанды облысы – «қызыл аймақта». Денсаулық сақтау жүйе­сі ауыр жүктемені бастан кешуде, күн сайын облыста 900-ден астам адам коронавирус инфекциясы­мен ауы­руда. Облыстық бас мем­лекеттік са­нитарлық дәрігерінің 29 шілде­д­егі қаулысына сәйкес, карантин шаралары күшейтілді. Осыған байланысты облыстың бар­лық өңірінде мониторинг то­бы­ның жұмысы қарқын алды. Не­­гізгі мін­дет – инфекцияны та­рат­пау, яғни бетперде режимін сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерде: дүкен­дерде, сауда орта­лықта­рын­да, ойын-сауық меке­ме­лерінде және басқа да кәсіпкерлік объек­тілерде карантин шараларын сақ­тау. Со­ны­мен қатар қолданы­с­тағы сани­тар­лық нормалар мен талаптар бо­йынша азаматтармен, кәсіпкер­лер­мен ақпараттық-тү­сін­діру жұ­мыстары жүргізілуде. Бет­перде, жадынамалар тегін та­ра­ты­луда. Қазір облыста 112 мо­биль­ді топ жұ­мыс істейді. Бұл жұ­мысқа ме­м­ле­кеттік қызмет­керлер, по­ли­ция қызметкерлері, қоғам бел­сен­ді­лері, волонтер­лер­ден 600-ге жуық адам тартылды, – дейді об­лыс­тық жедел ден қою орталы­ғы­ның бас­шысы Қайрат Шорманбаев. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мониторинг тобы 133 348 нысанды тексерді, 2 130 бұзушылық анық­талды, 1 272 айыппұл салынды. Айыппұлдардан алынған сома шамамен 103 миллион теңгеден асты. Шілде айында 330 бұзушы­лық анықталды, бұл маусымға қарағанда 34 пайызға көп. – Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың санитарлық талапты бұзу фактісі анықталған кезде мониторинг тобы үйлестіру орта­лы­ғына ақпарат жібереді, ол СЭК қызметкерлері үшін шұғыл хабар­лама жазады. Жыл басынан бері сенім телефонына облыс тұрғын­дарынан 467 өтініш келіп түсті. Елде қабылданатын шектеу шара­лары, сондай-ақ мониторинг және рейдтік іс-шаралар ағымдағы эпи­демиологиялық жағдайда өте ма­ңызды. Осыған байланысты адам­дар көп жиналатын орындарға бармай-ақ, түсіністік танытуды, саналы болуды, бетперде режимін сақтауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, – деді орталық басшысы.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы