"Сыйға – сый, қолаға – автокөлік": Олимпиада-2020 жеңімпаздары қандай сыйлықтарға ие болды?
"Сыйға – сый, қолаға – автокөлік": Олимпиада-2020 жеңімпаздары қандай сыйлықтарға ие болды?
Коллаж: Жұмабек Айқынұлы
363
оқылды
Дзюдошы Елдос Сметовке кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов жаңа Mercedes маркалы көлігін сыйлады. Дзюдошы оған қола медаль үшін белдескенде киген кимоносын берді. Елдос Сметов дзюдодан Токио Олимпиадасында 60 келі салмақта бақ сынап, қола медаль иеленді. [caption id="attachment_155391" align="aligncenter" width="968"]Елдос Сметов Елдос Сметов пен Жұмабек Жанықұлов[/caption] Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға Toyota Camry маркалы көлігін сыйлады. Бапкері ақшалай сыйақы алады. Токио Олимпиадасында ауыр атлеттер Игорь Сон 61 келі, Зульфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленді. [caption id="attachment_155394" align="aligncenter" width="946"]Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло Фото: Inform.kz[/caption] Боксшы Қамшыбек Қоңқабаевқа Қазақстан бокс федерациясы 50 мың доллар ақшалай сыйақы беруі керек. Ал бапкеріне 5 мың доллар беріледі. Бұған дейін федерация басшысы Кеңес Рақышев боксшыларға мемлекет тарапынан берілетін қаржыдан бөлек ақшалай сыйақы қарастырылғанын айтқан еді. Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанды. [caption id="attachment_155398" align="aligncenter" width="975"]Қамшыбек Қоңқабаев Фото: Оlympic.kz[/caption] Бокстан Олимпиданың қола жүлдегері Сәкен Бибосыновқа Түркістан облысының кәсіпкерлері жаңа Toyota Camry 75 көлігінің кілтін табыстады. [caption id="attachment_155399" align="aligncenter" width="971"]Сәкен Бибосынов Сәкен Бибосынов. Фото: Түркістан облысының баспасөз қызметі[/caption] Олимпиадада еркін күрестен қола медаль иеленген Нұрислам Санаевқа "Тәлім TV" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков жаңа BMW маркалы көлігінің кілтін табыстады. Бірақ автокөлік нақты кімнің қаржысына алынғаны белгісіз. [caption id="attachment_155404" align="aligncenter" width="971"]Нұрислам Санаев Нұрислам Санаев[/caption] Сонымен бірге Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин екі бөлмелі пәтер кілтін табыстады. [caption id="attachment_155476" align="aligncenter" width="872"]Оңдасын Оразалин, Нұрислам Санаев Оңдасын Оразалиннің Нұрислам Санаевқа пәтер кілтін табыстап жатқан сәті[/caption] Каратэден Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Дархан Асаділов пен Софья Берульцеваға да демеушілер көлік сыйлады. Софья Берульцеваға Toyota RAV4, Дархан Асәділовке Toyota Camry бұйырды. [caption id="attachment_155633" align="aligncenter" width="743"]Дархан Асәділов, көлік Фото: Шымкент дене шынықтыру және спорт басқармасы[/caption] Токио Олимпиадасында қола медаль үшін таласта қарсыласына есе жіберген Елена Рыбакинаға демеушілер 70 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындады. Бұл туралы Теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский айтты. [caption id="attachment_155406" align="aligncenter" width="969"]Елена Рыбакина Елена Рыбакина. Фото: Сhampionat.com[/caption] Еркін күрес палуаны Әлішер Ерғалиға әуежайда әкесі ағайындарының атынан жаңа Infiniti QX80 автокөлігі сыйлады. Ол Токио Олимпиадасының ширек финалында жеңілген. Бірақ сарапшылар оның жеңісі "ұрланды" деп баға берді. [caption id="attachment_155408" align="aligncenter" width="589"]Әлішер Ерғали Әлішер Ерғалидың Instagram парақшасынан скриншот[/caption] Айта кетейік, Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлеріне мемлекеттік бюджет есебінен 75 мың доллар ақшалай сыйақы беріледі. ХХХІІ Жазғы Олимпиадада Қазақстан спортшылары 8 қола медаль алып, 83-орынға тұрақтады. Ұлттық құрама сапынан қола жүлдені дзюдо­шы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев, каратэ­шілер Дархан Асаділов пен Софья Берульцева және еркін күрес балуаны Нұрислам Санаев иеленді.