Премьер-министр  маска тағу режимі бойынша тапсырма берді
Премьер-министр  маска тағу режимі бойынша тапсырма берді
©tengrinews.kz
257
оқылды

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда шектеу шаралары мен маска тағу режимін сақтау бойынша тапсырма берді.

"Вакцинация пандемиядан шығудың маңызды жолы болып қала береді. Қазір бірінші компонентпен 5,9 миллионнан аса адам егілді, ал екінші компонентпен 4,5 миллионға жуық адам егілді. Бірақ, бұл - жеткіліксіз. Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары әкімдері егу жоспарының биыл тамызында орындалуын қамтамасыз етіңіз", - деді Мамин Үкімет отырысында. Премьер барлық өңірде эпиджағдайды бақылауда ұстауды тапсырды. Асқар Мамин Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына және Қарағанды облысына ерекше назар аударды.

"Халықтың шектеу шараларын, әсіресе, бетперде режимін сақтауын қамтамасыз ету қажет. Ол үшін мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру қажет, тәртіпбұзушылар жауапкершілікке тартылуы тиіс", - деп толықтырды Асқар Мамин.

Оның айтуынша, Ashyq жүйесіне қатысатын кәсіпкерлік субъектілері саны артып келеді. "Олардың саны 5 есеге артты - 21 мыңнан 101 мыңға дейін. Бұл бизнеске өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан Ashyq қосымшасының қолданылу аясын одан әрі кеңейту қажет", - деді Асқар Мамин.