Қазақ қызы әлемдегі ең ірі сұлулық байқауының жеңімпазы атанды
Қазақ қызы әлемдегі ең ірі сұлулық байқауының жеңімпазы атанды
©tengrinews
516
оқылды

Қазақстандық қыз Дина Әмір  АҚШ-тағы Miss World International байқауында жеңімпаз болды. Ол әлемдегі ең ірі халықаралық сұлулық байқауында Miss World Universe номинациясын жеңіп алды.

Сайыс  8-11 тамыз аралығында Майамиде (АҚШ) өткен.

"Эмоция өте көп. Сөзбен айтып жеткізе алмайсың, өте қызықты болды. Әсіресе, мен үшін. Өйткені мұдай байқауға бірінші рет қатыстым. Ақылына көркі сай қатысушылармен танысу өте керемет, - деді Дина.

Динаны қолдау үшін байқауға сыныптастары мен оның стилисі де барған. Ол өзі соңғы 7 жыл Қазақстандағы IT-компанияларда  маркетолог болып жұмыс істеген. Қазір акциялар мен қор нарығына инвестиция салумен айналысады. Ол бір жарым жыл бұрын АҚШ-қа көшіп, штаттарда магистратураға түсуге дайындалып жатыр. Дина конкурс туралы Instagram-нан көріп, кейін өтінім берген. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=7zljocUAJLM&ab_channel=AizhanaTugelbayeva[/embed]