Елордада вакцина алғандар арасында қанша адамның қайтыс болғаны белгілі болды
Елордада вакцина алғандар арасында қанша адамның қайтыс болғаны белгілі болды
Фото ©РИА Новости
216
оқылды
Елордада жыл басынан бері коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында 23 адам көз жұмған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Тимур Мұратов хабарлады. Оның айтуынша, бұл адамдардың жасы 50-ден жоғары және олардың бірнеше созылмалы ауруы болған.
"Өкінішке қарай, Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 1081 адам коронавирустан қайтыс болды. Оның 23-і толық вакцина алғандар. Олар вакцина салдырған адамдардың 2 пайызын құрайды. Бұл адамдардың жасы 50-ден жоғары болған және олардың бірнеше созылмалы ауруы болған. Қазіргі уақытта олардың қандай аурумен ауырғаны сараланып жатыр, кейін оны да анықтап айтатын боламыз", - деді ол брифингте.