Алматыда Royal Tulip Almaty қонақүйінің жазғы алаңын келісімшарт бойынша жалға алған Култасов Е.М ЖШС-не айыппұл салынды.
Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, тексеру жұмыстары кезінде Royal Tulip Almaty қонақүйінде карантин шараларын бұзған Култасов Е.М ЖШС екені анықталды.
Заңнама аясында бұл ЖШС-не 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Бұдан басқа, карантинді бұзушылар арасында әнші Luina мен оның күйеуі де бар. Оларға 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынды.