Алматыда сүйіктісімен ренжісіп қалған сарбаз әскери бөлімнен қашып кеткен
Алматыда сүйіктісімен ренжісіп қалған сарбаз әскери бөлімнен қашып кеткен
©https://www.caravan.kz/
194
оқылды

ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбаз 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің рұқсатынсыз кетіп қалған.

"9 тамыз күні кешкі сағат 21.30 шамасында 6654 әскери бөлімінен (Қаракемер) жауынгер Ердаулет Сабыржанұлы рұқсатсыз шығып кеткен. Қатардағы жауынгер 6655 әскери бөлімінен (Ақтөбеден) оқуға келген. Ол 11 тамыз күні түнгі сағат 02.35-те "Алтын Орда" (Алматы) базарының маңында ұсталды", - деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Сарбаздың сөзінше, ол сол күні сүйіктісімен ренжісіп қалған. Алайда хабарламада атап өтілгендей, сарбаздың өз бетінше әскери бөлімнен кетіп қалуы әскери қызметпен байланысты емес. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қызметтік тергеу жүріп жатыр.