Сабақ кезінде оқушылар бетперде тағып отырады - Алматы білім басқармасы
Сабақ кезінде оқушылар бетперде тағып отырады - Алматы білім басқармасы
© azattyq-ruhy.kz
326
оқылды
Сабақ кезінде оқушылар бетперде тағып отырады. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева хабарлады.
"Балалар сабақта бетперде тағады, бірақ асхана мен дене шынықтыру сабағында бетперде тағу міндетті емес. Дене тәрбиесі сабағы сыртта болатындықтан, қашықтық сақталады. Асханада біз барлық санитарлық нормалардың сақталуын талап етеміз", – деді Жылқыбаева арнайы брифингіде.
Сонымен қатар ол мектеп балаларды бетпердемен қамтамасыз етілуі жайында айтты.
"Баланы зарарсыздандыру құралымен (антисептик), бетпердемен қамтамасыз ету – ата-аналардың міндеті. Бірақ егер ата-аналардың оған мүмкіндігі болмаған жағдайда, онда мектеп қамтамасыз ететін болады", – деді ол.