GATE CITY -ді салу басталады
GATE CITY -ді салу басталады
243
оқылды

Алматы қаласынан Талды­қор­ғанға апаратын күре жол­дың бойында тұрғызылады де­ген  GATE CITY  серіктес қа­ла­сы­ның аумағында жаңа тұрғын үй кешендері салына бастайды. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың BI Group холдингінің өкілдерімен кез­десуі кезінде айтылды.

Іскерлік  кездесуде осы құрылыс мәселесіне қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Екіжақты келісім кезінде Лаззат Махатұлы GATE CITY аумағындағы тұрғын үй кешендері құрылысының жобасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асыры­латынын айтты.  Мұнда тұрғын үй­лермен қатар адамдардың тұр­мысына қажетті әлеуметтік нысан­дар да тұрғызылады. – Өздеріңізге белгілі, GATE CITY Алматы–Өскемен респуб­ликалық жолының бойында Алма­ты мен Қапшағай аралығында  ор­на­ласады. Жобаның басты мақсаты – заманауи құрылымдық «ақылды» қала құру, бизнесті дамытуға, ха­лықтың өмір сүру сапасын жақсар­туға жан-жақты мүмкіндік жасау, Ал­маты мегаполисінің маңынан жаңа «ақылды» қала салу. Жобаны облыс әкімінің өзі  ерекше бақылауға алып отыр, – деді Лаззат Махатұлы. Жоба әкімшісі «Жетісу» ӘКК  ӨДИ» АҚ мәліметіне қарағанда,  бұған дейін «Жетісу» ӘКК алаңында холдинг өкілдерімен бірнеше рет кездесу өткізіліп, жер телімдерін бөлу, жобаның экономикалық және техникалық негіздемелері жайлы талқылау болған. – Бұл меморандум бірлескен жұмыстың басталғанын айғақ­тай­ды. Енді жобалау, эскиздер дайын­дау қарекеті басталады. Арнайы бөлінген 100 гектардан астам жерге 590 мың шаршы метр тұрғын үй, үш мектеп, бірнеше балабақша, дәрігерлік амбулатория және басқа да нысан салу жоспар­ланған.  Сол сияқты саябақтар мен скверлер жасалады, – деді BI Development Almaty компаниясының бас дирек­торы Айдос Мұқатаев меморандумға қол қою кезінде. БАКАД автожолының оңтүс­тігінде, Іле ауданы аумағында орна­ласатын  GATE CITY  серіктес қала­сы инфрақұрылымы дамыған, қаржы-іскерлік, білім және ғы­лыми-медициналық орталық, өнер­кәсіптік және сауда-логис­тикалық хаб болады деп жоспар­ланып отыр.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы