Павлодар облысында торттың ішінен ұялы телефон шықты
Павлодар облысында торттың ішінен ұялы телефон шықты
©https://thecake-school.ru/
337
оқылды

Павлодар облысында ер адам тергеу изоляторына ұялы телефонды тортқа салып өткізбек болған.

Polisia.kz-тің мәліметінше, оқиға Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АП-162/1 мекемесінде болған. Сотталғанға келген сәлемдемені тексеру барысында торттан ұялы телефон табылған. 45 жастағы сотталған ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Тортты оған танысы әкелді.

"Мекемеге тыйым салынған заттарды кіргізбеу үшін сотталғандармен және олардың туыстарымен үнемі әңгімелесу жүргізіледі. Дегенмен, келушілер байқамай қалады деп үміттеніп, жаңа әдістерді ойлап табады. Сондықтан тергеу изоляторына келген барлық сәлем-сауқат мұқият тексеріледі", – деп түсіндірді АП-162/1 мекемесінің бастығы Әділхан Қапышев.