131 миллион теңгеге айыпталған экс-шенеунік басшылық қызметке келді
131 миллион теңгеге айыпталған экс-шенеунік басшылық қызметке келді
©ernur.kz
305
оқылды

 Шымкентте 131 млн. теңгені талан-тараж қылды деп айып тағылып, ақталып шыққан экс-шенеунік жаңа қызметке тағайындалды. Бұл жайында NUR.KZ хабарлады.

Әбілсейіт Рабаев енді Шымкент қалалық Құрылыс басқармасын басқарады. Ол 1981 жылы дүниеге келген, мамандығы бойынша – инженер, экономист. Еңбек жолын 2002 жылы «Компания Ерке» ЖШС-нда оператор болып бастаған. Кейін ОҚО Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасында түрлі лауазымда қызметте болды.

2013 жылдың 4 мамыры күні сол кездегі Қаржы полициясының қызметкерлері ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарып отырған Әбілсейіт Рабаевты тұтқындалған.

Оған орындалмаған жұмыс үшін бюджеттен 131 млн. теңге бөлінді деп Қылмыстық кодекстің 176-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша айып тағылды. Уақытша қамауға алынған басшының ісі бір жылға созылды. Алайда, Шымкент қалалық әл-Фараби аудандық сотының судьясы Талғат Қахаровтың үкімімен Әбілсейіт Рабаев кінәсіз деп танылып, сот залынан босатылды. Сонда ол  мемлекеттен ешқандай өтамақы талап етпейтінін, темір тор өзін есейткенін айтқан.