Антиваксер дәрігерге қатысты тексеру жүргізілмек
Антиваксер дәрігерге қатысты тексеру жүргізілмек
225
оқылды

Белгілі журналист Қалыбек Атжанның өліміне байланысты тексеру бастал­мақ. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі хабарлады. Жур­налист қайтыс болары­нан бірнеше күн бұрын Айна Бакеева ұсынған тыныс алу жаттығуынан соң ден­сау­лы­ғының нашарлағаны жөнінде әлеуметтік желідегі парақ­шасында жазған.

«2021 жылдың 11 тамызында қа­зақстандық журналист Қалы­бек Атжанның 9 тамызда қайтыс болу фактісі бойынша шағым түсті. Ол 7 тамызда Facebook әлеу­меттік желісіндегі жеке па­рақ­шасында А.Бакеева ұсынған тыныс алу жаттығуынан кейін денсаулығының нашарлағанын хабарлаған болатын. 2011 жыл­дың 11 тамызында аталған ша­ғым ІІМ Ақпараттарды тіркеу кіта­бына тіркелді және Қыл­мыс­тық-процестік кодекстің 181-бабы 5-тармағы тәртібімен тиі­сін­ше тексеру жүргізу үшін  Ден­саулық сақтау министрлігі Меди­циналық және фарма­цевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облыстық департа­ментіне одан ары беру мақса­тында Жамбыл облыстық Полиция департа­ментіне жібе­ріл­ді», – делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

М.ХАҚНАЗАР